Екі жүк көлігінің арасында қалған жүргізуші қайтыс болды
Екі жүк көлігінің арасында қалған жүргізуші қайтыс болды
107
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, оқиға бүгін сағат 01.00-дер шамасында «Құс фабрикасы» шағынауданындағы «Алатау» кемпингі маңында болды.

Түркістан облысының 34 жастағы тумасы өзінің жүк көлігінің артқы шамдарын сүртіп, қарап жатқан кезде көлік жылжып кеткен. Сөйтіп, оны келесі жүк көлігіне қысып тастаған. Қазіргі уақытта бұл дерек оқыс жағдай ретінде тіркеліп отыр. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі жедел жәрдем сағат 01.00-де шақырылғанын хабарлады. Көлік жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.