Алдағы күндері елдің солтүстігінде күн аздап жылына бастайды.
Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыстан соққан антициклон әсер етеді. Бірақ еліміздің кей жерлерінде қар жауады. Циклонның екпіні солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға ауыса бастайды. Сол себепті ауа температурасы көтеріліп, күн жылынуы ықтимал.