Бір күнде карантин тәртібін бұзған 6 нысан анықталды
Бір күнде карантин тәртібін бұзған 6 нысан анықталды
161
оқылды

Алмалы ауданының мониторингтік топтары Сейфуллин д. 483 мекенжайындағы «Мега Парк» СОО-ғы корей мейрамханасының 22.00-ден кейін жұмыс режимін бұзғанын анықтады.

Бостандық ауданында карантин тәртібін бұзған төрт нысан тіркелді. Олар: ­– Мұстафин к. 56/1 мекенжайы бойынша «CTR Chiken Алматы» тез тамақтану дәмханасы – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы; – Мұстафин к. 56/8 мекенжайы бойынша Red Dragon фастфуд өнімдерінің дүкендері мен дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы; – Мұстафин к. 56/2 мекенжайы бойынша Салам бро тез тамақтанудың дәмханалар және дүңгіршектер желісі – сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы; – Наурызбай батыр к. 125 мекенжайы бойынша «Playstation» ойын клубы. Нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен. Медеу ауданында Достық д. 87а мекенжайындағы «Venezia» мейрамханасында сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады.