Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда шетелдік туристер саны күрт азайды

Соңғы 5 жылда Алматыға келетін туристер саны едәуір өсіп, қала бюджетіне туризм саласынан айтарлықтай қаржы түсе бастаған. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл туристер саны қайта төмендеп отыр.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Қараша 18, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
турист, Алматы, туризм

Фото: Интернеттен алынды

85
қаралым

«Өткен жылға дейін Алматыға келетін туристер көрсеткіші жоғары болды. Соңғы 5 жылда шетелдік туристер қарқыны 5 есе, ішкі туристер саны 2 есеге артқан. 2019 жылы Алматыға 1,3 млн турист келген. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл туристер саны едәуір қысқарып, өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеген. Шетелден келетін туристер саны 63%-ға азайды», – деді Алматы қаласы туризм басқарма басшысының орынбасары Марат Айнабеков.

Оның айтуынша, Алматыға, әсіресе он елден туристер жиі келеді екен. Олар – Ресей, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина және Германия елдері. Зерттеу бойынша Алматыға туристер негізінен қызметтік мақсатта келеді.

«Алматыда ірі компаниялардың орталықтары орналасқан, сондай-ақ инвестиция салатын қала болғандықтан, туристер көбінде осы қызметтік мақсатта келген. Оған қоса Алматы қаласының тарихы терең, «мың жылдық тарихы бар, мың бояулы қала» дейміз. Қола дәуіріндегі петроглифтерден бастап, таңбалы тас, Сақ қорғандары және Кеңестік замандағы сәулет өнерлері бар. Сондықтан этно-мәдени сала бойынша да туристер көп келеді», – дейді Айнабеков.

Сөз арасында ол туристік нарықта негізінен Ресей, Араб және Қытай елдеріне басымдық беріп отырғандарын жеткізді.

«Өткен жылы Араб мемлекеттері бізге үлкен қызығушылық танытты. Сауд Арабиясынан келетін туристер көрсеткіші 125%-ға жеткен, ал Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер саны 82%-ды құрап, 7 мың адамға жетті. Осы нарықтың әлеуеті жоғары екенін байқаған соң, маркетингтік стратегиямызды осы елдерге бұрып отырмыз», – деп атап өтті ол.

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті

25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Алматыда мәйітхана басшысы 14 000 000 теңге пара алған

Алматыда жыл соңына дейін 10 туристтік бағыт абаттандырылады. Соңғы 3 жылда қалада 26 тау маршруты абаттандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 157 шақырым болатын үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында тағы 10 маршрутты абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Соңғы екі жылда 1000-нан астам тау жолдары цифрландырылды.

Сондай-ақ, жаңа инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту мақсатында Алматы тау кластерінде 100 нөмір және 50 апартаменттен тұратын «Medeu Resort» қонақ үй кешенін, «Бутаковка» шатқалында шағын хостелі мен кофеханасы бар визит-орталығын, «Шымбұлақ» ТК-де 10 модульді үйі бар глэмпингтік аймақты және 1 визит орталығын салу жоспарлануда.

 
Тегтер: Алматытуризмтурист
Алдыңғы жаңалық

«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың есебін тыңдады

Келесі жаңалық

«Тараз-Аренаға» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі міндетті түрде беріледі

Ұқсас жаңалықтар

волейбол
Жаңалықтар

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем
Жаңалықтар

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
зауыт
Жаңалықтар

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»