Тоқпен ұшатын ұшақ пайда болды
Тоқпен ұшатын ұшақ пайда болды
218
оқылды

АҚШ ғарыш агенттігі алғаш рет X-57 Maxwell (Экс-57 Максвелл) деп аталатын толық электрлі ұшағын көрсетті.

Таныстыру Калифорниядағы Армстронг атындағы ұшу-зерттеу орталығында өтті.

НАСА бұл ұшақты жасауға 2015 жылы кіріскен. Агенттік ұшақты келесі жылы сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа ұшақтың өзге әуе көліктерінен айырмашылығы оның қозғалтқышының электрлі болуында. Бірақ осыған байланысты ол жолаушыларды жақын қашықтықтағы бағыттарға ғана тасымалдайтын болады. Жобаның мақсаты - электрлі ұшақтарды сертификаттау стандарттарын жасап шығару.

https://youtu.be/qTI7TkwxI-E