Еден жуған Премьер-министр (видео)
Еден жуған Премьер-министр (видео)
5,091
оқылды

Саясаткер қалалық дүкендердің бірінде болып, жиналған тұрғындармен сөйлесіп, едендерді жуып тастады. Бұл туралы Sky News хабарлады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон қатты су тасқынынан зардап шеккен Матлок қаласына барған. Ол жерде су тасқынынан бір әйел қаза болған.

8 қараша күні саясаткер су тасқынынан қатты зардап шеккен Дербишир графтығында болып, ондағы төтенше жағдайлар қызметтерімен сөйлесті.
Ол оларға ризашылығын білдіріп, үкіметтің су тасқынынан қорғау бағдарламасы бойынша оларға 2,6 миллиард фунт (шамамен 1,3 трлн теңге) бөлгенін жеткізді.

Артынан Джонсон қаладағы дүкендердің біріне де барып, ел арасында сөз сөйлеген. Содан кейін ол қолына еден жуғышты алып, ғимараттың еденін жуа бастаған.

Айтар болсақ, Ұлыбритания қатты нөсерден зардап шегіп отыр. Тұманды Альбионның тұрғындарын су алып жатқанына бірнеше апта болды. Тіпті кейбір отбасылар үйлерінен көшірілді.

https://youtu.be/v_7RcXvh60g