Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке әкесі Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
"Бүкіл спорт қауымдастығы қайғыңызға ортақтасып көңіл айтады, осы қиын сағаттарда сізді қолдағымыз келеді. «Әке –асқар тау» деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді - Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін", - делінген федерацияның Instagram-дағы парақшасында.