17 қараша күні Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық Мұнайлы аудандық филиалында аудандағы ауыз су мәселесі бойынша отырыс өтті. Аталған отырыс онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Аудандағы басты мәселе – ауданға келетін су көлемінің аздығы. Ауданда жеті ауылдық округ, 169 800 тұрғын бар. Аудан тұрғындарын толықтай сумен қамту үшін тәулігіне 35-40 мың текше метр су қажет. Бірақ қазіргі таңда күніне 13,5-14 мың текше метр су алынуда. Себебі, «Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне 20 мың текше метр су тұщытып, оның 14 мың текше метрі аталған ауданға жіберіледі. Бұл аудан қажеттілігін толығымен өтей алмайды. Келесі жылы аталған мәселені шешу бағытында «Каспий» су тұшыту зауытына кеңейту жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 млрд теңге қаражат бөлініп, 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін ауданға қажетті 40 мың текше метр су жеткізіліп отырады деп жоспарлануда. Жоғарыда аталған ауылдық округтың бірі Айрақты елді мекені. Аталған округте су сорғы станциясына жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыстары толық аяқталу мақсатында, қаржылық мәселесі шешіліп, 73905 млн теңге бөлінген. Толық қуаты 3800 шаршы куб су сақтау резервуары іске қосылса Айрақты, Шерқала т/м ауыз сумен толықтай қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Келесі Бесшоқы елді мекеніндегі су сорғы станциясы болды. Бүгінгі күні су трассаларымен есік алдына барып тұрған құдықшаларға су өлшеу құрылғылары (водамер) толықтай қондырылып болғасын іске қосылады. Толық қуаты 2000 шаршы куб су сақтау резервуарлары дайын тұр. Баянды ауылында орналасқан су сорғы станциясына Мембранды технология арқылы тәулігіне 1200 шаршы куб су тұщыту мүмкіндігі бар технология насостары мен фильтрлерін ауыстыру жұмыстарына 22 млн теңге қаржы бөлініп, келесі жылда ауыл аумағын дербес ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туғалы отырғаны белгілі болды. Бүгінгі күні ауылды сумен қамтамасыз ету мақсатында 2000 шаршы куб су сақтау резервуарлары толықтай жұмыс жасап тұр. Қызылтөбе ауылындағы жаңадан су сорғы станциясы салынып жатыр. Аталмыш станцияның жұмыс қуаты 6000 шаршы куб болады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталып толықтай іске қосылу мақсатында қосымша 250 млн теңге қаржыны қажет етуде, жоспарға сәйкес келесі жылдың ортасына дейін станция толықтай іске қосылады деп жоспарлануда. Басқұдық ауылдық округі аумағынан да су сорғы станциясы салынып жатыр. Аумақта резервуарлардың орны қазылып басталғандығы белгілі болды, станцияға дейінгі су жүргізу жүйелері (колодец, үйге дейінгі пластикалық трубалар 0,30 мм, колодецке дейінгі үлкен 1000-1500 мм трубалар) жүргізіліп дайн тұрғандығы анықталды.