Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Қымбат жандар» бағдарламасы арқылы тараздық Бақытгүл Айменбетова туған анасымен 55 жылдан кейін қауышты. Бақытгүл туылған күннен перзентханада қалып, оны кейін бір отбасы асырап алады. Алайда қаракөзіміз 20 жасында туған анасының өзінен бас тартқаны туралы естіп, оған іздеу салады. «Қымбат жандар» бағдарламасының ұжымы Бақытгүлдің анасын жан-жақты іздестіріп, жуырда оның табылғаны туралы қуанышты хабар жеткізеді. Белгілі болғаны Шығыс Қазақстан облысынан Тараз қаласына келген Бақытгүлдің анасын сол тұста белгісіз біреу зорлап кетіп, амалы таусылған бойжеткен баланы туа сала тастап кеткен екен.
Осылайша тағдырдың жазуымен ана мен бала 55 жылдан кейін қайта қауышып отыр.
Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы