Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаштың айтуынша, пандемия басталғалы өңірде жаңа туған 14 сәбиден COVID-19 анықталған.
«Өңірде 180 жүкті әйелдің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар босанғаннан кейін жаңа туған сәбилер ПТР-тестен өткізіліп, оның 14-інде оң нәтиже көрсетті. Олардың барлығына тиісті медициналық көмек берілді», - дейді басқарма өкілі.Басқарма өкілінің айтуынша, пандемия басталғалы өңірде кәмелет жасқа толмаған 166 баладан коронавирус инфекциясы анықталған. 165 бала үй жағдайында, ал біреуі стационарда ем қабылдаған. Бұған дейін мамандар жүкті әйел коронавирус жұқтырса, ол құрсақтағы сәбидің дамуына әсер етпейтінін айтқан еді.