Коронавирустан емделіп жатқан 227 науқастың халі нашар
Коронавирустан емделіп жатқан 227 науқастың халі нашар
Коронавирустан емделіп жатқан 227 адамның халі нашар, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 468 бала бар. Стационарларда 2 991 науқас жатыр. 6 550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 227 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.