Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, - деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі. Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларды қолдау көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
"2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілді. 2018 жылғы желтоқсанда Амманда Астана көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті", - делінген СІМ хабарламасында.