Жәнібек Әлімханұлы жеңісі үшін қанша ақша алғаны белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлы жеңісі үшін қанша ақша алғаны белгілі болды
250
оқылды

Жәнібек Әлімханұлы Калифорнияның Фресно қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық боксшы Альберт Онолуносты техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

6 раундқа созылған жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы қарсыласынан барлық көрсеткіш бойынша басым түсті. Осылайша қазақстандық кәсіпқой боксшы орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.
ESPN телеарнасының журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, Жәнібектің аталмыш кездесудегі сыйақысы 12500 долларды құраған. Ал оның жеңілген қарсыласы 5000 долларды місе тұтты.