Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды
Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды
157
оқылды
Ақмола облысының Бурабай ауданында көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, өрт Щучье қаласының Нагорная көшесінің бойында орналасқан №20 төрт пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 140 шаршы метрді құрады.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр» дейді ведомстводан.