Алматы қаласында екі адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні полицейлер ұстады.
Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі деген күдікті адам қаққан соң, қашып кеткен.
Полиция подполковнигі, жергілікті полиция қызметі басқармасы тобының басшысы Қайсар Төлебековтің айтуынша, Toyota Raum көлігінің жүргізушісі Алматы облысы Өтеген батыр кентінен табылған.
«Жүргізуші ұсталды. Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елдімекенінен табылды», – деді ол.