Батыс Қазақстанда мұзға жабысып қалған аққуларды құтқарды
Батыс Қазақстанда мұзға жабысып қалған аққуларды құтқарды
123
оқылды

Оқиға орнына БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды мұз құрсауынан құтқарды.

  [caption id="attachment_88609" align="aligncenter" width="740"]аққулар Фото: ТЖМ-нің баспасөз қызметінен алынды[/caption]

«2020 жылғы 18 қарашада Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасарынан Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалғаны, алайда құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалу қаупі болды» делінген хабарламада.

Аққулар Жәнібек ауылы тұрғындарының жылы қорасына орналастырылды. Аққуларды көктемге дейін жылы жерде ұстау мәселесі де шешілмек.