Бангладеш: Циклоннан 13 адам қаза тауып, 36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен
Бангладеш: Циклоннан 13 адам қаза тауып, 36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен

Бангладеш жағалауындағы «Бульбуль» циклоны елге көп шығын әкелді.

Апаттан 13 адам қаза тапқан. Бұған дейін 6 адам мерт болып, 30 адам зардап шеккен. Кейбір мәліметтер бойынша 36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бангладеш билігі төтенше жағдаймен күресіп жатыр. Жергілікті биліктің айтуынша, «Жағдайды тұрақтандыру үшін екі күн уақыт керек». Жағалауда тұратын 2 миллиондай адам эвакуацияланды. Циклон 6 мыңнан астам үйді жермен жексен еткен.