Бұл туралы «Новый Вестник» жазды.
Алдын ала болжам бойынша әйел дәріні шектен тыс көп ішіп, қайтыс болған. Туған-туысы Татьяна Костыговамен соңғы рет сенбі күні хабарласқан.Басылымның жазуынша, Намысов әйелді қарызы үшін 2 жыл үркітіп-қорқытып, қыспаққа алған.«Мен, Татьяна Костыгова, ақыл-есі дұрыс адам ретінде өз-өзімді өлтіруге шешім қабылдадым. Мен қыруар қарызымды уақытылы қайтара алмадым. Мен бұған полицей Ерлан Думанұлы Намысовты кінәлаймын. Мен оның талабы бойынша 3 үй және пәтерімде кепілге қойдым. Пәтерімді сатқаннан түскен 26 миллион теңгені полицейдің әйеліне бердім», – деп хат жазып қалдырған.
Әйел өлерінің алдында полицей Намысовтан көрген қорлығын хатқа тізіп жазып қалдырған.