Футболшы неге жылады?
Футболшы неге жылады?
141
оқылды

Ойынның басында алаңда жүрген футболшы Владислав Васильев жылап жіберді.

Құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев өнер көрсететін брестік «Динамо» Беларусь чемпионаты турының 28-матчында «Ислочьямен» ойнап, жеңіліп қалды. 

Ойынның 72-минутта брестіктер құрамында тек он адам қалды. Онда қызыл карточканы ойын басталғанда алаңға шыққан Владислав Васильев алды. Ол бұрынғы испаниялық «Барселона» мен ағылшындық «Арсеналдың» ойыншысы Александр Глебке фол жасап, ойын ережесін бұзды.
Владислав ойыннан шығып қалған соң, жылап жіберді.

Осылайша, брестік «Динамо» мерзімінен бұрын Беларусь чемпионы бола алмады. Алайда чемпионаттың ақтық сынына дейінгі екі турда жақсы нәтиже көрсетті. Оның бес ұпайы бар.

https://youtu.be/0fDjtKP53mY