Қостанайда 19-20 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды
Қостанайда 19-20 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды
91
оқылды

Полициейлер адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алуға бағытталған «STOP-трафик» жедел іс-шарасын өткізді.

Ойын-сауық орындары, монша, сауна, жалға берілген пәтер, қонақүйлер, сондай-ақ шаруа қожалықтары мен құрылыс нысандары тексерілді.

«STOP-трафик» қорытындысы бойынша Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері адам саудасы және жезөкшелікпен айналысудың бірнеше фактісін анықтады. «Прогресс катализаторы» жеке қорымен бірлесіп, адам саудасының құрбаны болғандарды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына орналастырды. «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактілерінің бірі Б.Майлин атындағы ауданда тіркелген. Қайранкөл ауылының маңындағы шаруашылықта 33 жастағы тұрғын 2018 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылдың қыркүйек айына дейін 21 жастағы жігітті жайылымда мал бағуға мәжбүрлеген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары облыс орталығында 2000 және 2001 жылы туған апалы-сіңлі қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 28 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс ретінде тіркелді», ­– деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.