Президент отставкаға кететінін жариялады. Моралестің орнын кім басады?
Президент отставкаға кететінін жариялады. Моралестің орнын кім басады?
5,094
оқылды

Боливияда 3 апта бойы наразылық акциялары өтіп жатыр.

Боливия президенті Эво Моралес 3 аптаға созылған наразылық шеруден кейін отставкаға кететінін жариялады. Енді Оңтүстік Американың бұл елінде жаңадан сайлау өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Боливияда сайлау 20 қазанда өткен. Онда Эво Моралесті дауыс берушілердің 47 пайызы қолдаған. Ал басты қарсылас Карлос Меса 36,5 пайыз ғана дауыс жинаған. Тиісінше Меса сайлау қорытындысын мойындамай, екінші кезеңді өткізуді талап еткен.

Боливия президенті Эво Моралес елді 2006 жылдан бері басқарып келеді.