Астана клубының отырысында Еуразия үшін 10 басты сын-қатер талқыланып жатыр
Астана клубының отырысында Еуразия үшін 10 басты сын-қатер талқыланып жатыр
152
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Астана клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы басталды.

«Еуразия 2020 жыл үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Шараға халықаралық институттар және мемлекеттер басшылары, халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Ауқымды зерттеу жұмысының қорытындысы туралы сарапшыларға жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев және рейтингтің тең авторлары Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Карнеги қорының вице-президенті Эван Фейгенбаум (АҚШ), сондай-ақ ПИР-орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский (Ресей) толыққанды айтып береді.

Жылсайынғы рейтингті әзірлеудегі басты мақсат – Еуразия аймағындағы мейлінше өзекті сын-қатерлерді сценарлық болжау мен бағалау.

ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев, жұмыс қорытындысына сәйкес, негізгі сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, зымыран-ядролық жарысы, сонымен бірге жаңа технологиялар саласында басып озуға бағытталған күрестің енгенін айтты.

«Жыл сайынғы рейтинг әзірлеу кезінде біз оның ғылыми-зерттеу мәні мен қолданбалы әлеуетін тереңдетуге үлкен назар аударамыз. Биыл бізбен бірге жобаны дайындауға халықаралық сараптама орталықтарының жетекшілері мен беделді саясаткерлер және дипломаттарды қосқанда әлемнің 40 сарапшысы қатысып жатыр.

Біз сондай-ақ мәселелерге жеке көзқарастарын білдірген сұхбаткерлердің де ауқымын кеңейттік. Былтыр 60 елден 1000-ға тарта азаматтарды қатыстырсақ, биыл 70 елден 1 100 адамды тарттық. Яғни, іріктеме аясы өте кең», — деді Ержан Салтыбаев.

Клуб отырсында талқыланып жатқан мәселер жайында "Айқын" газетінің алдағы сандарынан оқисыздар.