Иран шекарашылары снайперлік қарудың дүрбісімен түсіріп алған Әзірбайжан президентінің фотосын «Репортер» басылымы жариялады.
Фотодан президенттің жары Мехрибан ханымды да байқауға болады. [caption id="attachment_88723" align="alignnone" > ©president.az.[/caption] Әзірбайжан президентінің баспасөз хатшысы таратқан мәліметке сенсек, Ильхам Алиев Худаферин көпіріне арнайы барып, ту тікті. Сондай-ақ олар Араз өзенінің бойымен серуендеген. Фото түсірілген ракурс Иран аумағына тиесілі және де Әзірбайжанға ең жақын нүктелердің бірі. Фотодан президенттің жеке күзеті мен кортежін де байқауға болады.