Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны 24,6% төмендеген
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны 24,6% төмендеген

Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті.

ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырлған жиынға аумақтық партия филилдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестердің төрағалары және кеңес мүшелері, облыстық партия филиалының жауапты қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылып қаралды. Бірінші мәселе  «Облыс бойынша кәспкерлік және туризм саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы» Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердауси Қожабергенов есеп берді. Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барасында Кеңес мүшесі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрағасы Серік Теңізбаев  мемлекеттік органдарда «Ашық Үкмет» қағидатының сақталмайтындығын тілге тиек етіп,  басқарманың сайтында мемлекеттік сатып алу, бөлінген бюджет қаражаты көрсетулі тиістігін атап өтті. жемқорлық Кеңес төрағасы басқарма басшысына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыс барысындағы ең негізгі мәселелердің бірі болуы қажеттігін,  кәсіпкерлердің құқтарының тең дәрежеде сақталуын қадағалау, мүдделік қызығушылыққа жол берілмеуі тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар  кәсіп жасап, азаматтарды жұмыспен қамтып, мемлекет қазынасын толтыруға үлес қосып  жүрген іскер азаматтардың кәсібі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жариялап отыру жөнінде өз ұсынысын жеткізді. Екінші мәселе бойынша Nur Otan партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңесінің төрағасы, № 201 мектеп-лицейінің директоры Талғат Садықов сөз алып, ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде мағұлмат берді. 9 айыдың қорытындысы бойынша  облыста 86 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,6% төмен. Ал жалпы тіркелген қылмыстардың 2,7% құрайды. Жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев  мұнымен босаңсуға болмайтындығын жеткізді.