50 жұмыртқа жеймін деп қайтыс болған азамат
50 жұмыртқа жеймін деп қайтыс болған азамат
112
оқылды

Ер адам 50 қайнатылған жұмыртқаны жеймін деп бәстесіп, 41-жұмыртқаны жеп отырып қайтыс болды. Бұл жайында Vice хабарлады.

Ол азамат – Үндістандағы Уттар-Прадеш штатының тұрғыны. Есімі – Субхаш Ядав, 42 жаста.  

Ол досымен бірге базарда жүрген. Сол жерде екеуінің арасында дау шығып, досы оның "Қатыгез Люк" ("Хладнокровный Люк") фильміндегі басты кейіпкер секілді бір жегенде 50 жұмыртқаны жей алмайсың деген. Сөйтіп, екеуі 2000 рупийге бәстескен. 

Алайда, Ядав 41-жұмыртқадан кейін, есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол есін жимай кетті.

Дәрігерлер, оның нақты неден қайтыс болғанын анықтай алмады. Дегенмен олар, жұмыртқаны шектен тыс мөлшерде жеп қойғанын мәлімдеді. 

Еске алсақ, осыған ұқсас жағдай 1012 жылы болған. Онда Австралиялық азаматы шикі жұмыртқа ішіп, 28-шіде қайтыс болған.