30 донор 10 литр қан тапсырды
30 донор 10 литр қан тапсырды
210
оқылды

Jas Otan жастар қанаты Алматы қалалық филиалының белсенділері «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды. Акцияға 30 донор қатысты, оның ішінде жасотандықтар, еріктілер және қала тұрғындары бар.

Акция Алматы қалалық қан орталығында өтті. – Бірінші рет қан тапсырып тұрғаным жоқ, карантинге дейін үш айда бір рет донор болдым. Мұндай акциялар алдағы уақытта да өткізілетініне сенемін. Біз барлығымыз бірігіп, қанға мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз, – дейді қала тұрғыны Ақбота Бүркітбаева. 10 литр Жастар арасында алғаш рет қан тапсырғандар да болды. Аида Орынбаева бүгін алғаш рет қан тапсырды. – Бәрі жақсы болды, маған ұнады. Басында өте қорқынышты деп ойладым. Бірақ тамырдан қан ала бастағанда, қорқынышты ештеңе жоқ екенін түсіндім. Енді бұл игі істі тұрақты түрде жалғастырамын. Акцияны ұйымдастырушыларға рақмет, өйткені бәріміз бірге болған кезде – қан тапсыру соншалықты ауыр емес екен. Әсіресе, біреуге көмектескенім, тіпті біреудің өмірін сақтап қалдым деген ой мені қуантады, – деген Аида өз әсерімен бөлісті. Акция қан донорлығына жастардың назарын аударуға, жас және дені сау донорлардың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ ынталандыруға бағытталған. 10 литр