Елбасы Алтай Көлгіновты қабылдады

Елбасы Алтай Көлгіновты қабылдады

Кездесуде Елбасы пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін қорғаудың маңыздылығына назар аударды, - деп хабарлады elbasy.kz. Өз кезегінде А.Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бағытында қабылданған шаралар туралы айтып берді.