Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Алик Шпекбаев: Біз азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, жедел шешуге міндеттіміз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Рая Мінап
Қараша 19, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Алик Шпекбаев: Біз азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, жедел шешуге міндеттіміз
49
қаралым

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Сапар барысында ол Ақтөбе облысының Хромтау қаласына табан тіреп, Мемлекеттік кірістер басқармасының тұтынушыға бағдарлануымен танысты және Хромтау ауданының «Ашық әкімдік» қызметін тексерді.

Ведомство басшысы әлеуметтік сала, ТКШ және жер қатынастары мәселелері бойынша өтініш білдірген жергілікті азаматтарды жеке қабылдады. Мысалы, көшені жарықтандыру, оны абаттандыру, жұмысқа орналастыру, байланыс қызметін жақсарту, мүгедек балаға жәрдемдесу және т.б. мәселелер бойынша өтініштер түсті.

Жатақханада есірткі саудасымен айналысқан екі студент сотталды

Ақтөбе облысында шектеу шаралары жеңілдеді

Ақтөбе облысындағы 104 ауылдың тұрғындары газбен қамтылады

«Барлық өтініштер жергілікті атқарушы органдардың жеке бақылауына алынып, жауапты тұлғалар бекітілді. Аумақтық департаментке әрбір өтінішті зерделеп, оны егжей-тегжейлі қарап шығу туралы тапсырма берілді», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Сондай-ақ, тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға жедел және кедергісіз қызмет көрсетуге бағдарланған жергілікті сервистік әкімдіктің жұмысын оң бағалады.

Сондай-ақ, сервистік әкімдік жанында азаматтарды жеке қабылдау және кеңестер өткізу үшін «Open Space» нысанындағы кабинет бар. Онда «Адал көмек» жобасының жетекшісі Айман Омарованың өңірге сапары аясында тегін заң көмегі ұйымдастырылды.

Хромтау ауданының «Ашық әкімдігіне» ағымдағы жылдың басынан барлығы 600-ден астам өтінім хат, 500-ден астам өтініш және өзге де сауалдар келіп түсті. Әкімнің жеке қабылдаулары аясында 95 өтініш түсті. Бұдан басқа, Хромтау ауданының атқарушы органдары тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтің 82 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері 8000-нан астам қызмет көрсетілді. Электрондық қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары да қарастырылған.

«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Агенттік азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуде.
Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын арттырудың тиімді құралы – халық алдында қолжетімділік пен есеп беруді қамтамасыз ету. Сондықтан мемлекеттік аппарат халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, оның мұң-мұқтажын тыңдап, азаматтардың мәселелерін жедел шешуі керек», – деді Агенттік төрағасы.

Жалпы бүгінгі күні Ақтөбе облысының барлық аудандық және қалалық әкімдіктерінде «Open Space» үлгісінде 15 сервистік әкімдік және 65 кабинет жұмыс істейді.

Хромтау ауданының бірқатар мекемелерін аралағаннан кейін Алик Шпекбаев аудан жұртшылығы өкілдерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың дербес жауапкершілігі және НҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің жаңа тетіктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаның іске асырылу барысымен танысу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясына, «Экоферма» ЖШС құлпынай өсіретін жылыжайға, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға және облыстың басқа да бірқатар кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.

 
Тегтер: Ақтөбе облысыАлик Шпекбаевжұмыс сапары
Алдыңғы жаңалық

Президент «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Келесі жаңалық

Мемлекеттің миллиардтарына сатылып алынған жасанды тыныс алдыру аппараттары істемей жатыр

Ұқсас жаңалықтар

92 қыз-келіншек желідегі жігітке алданып қалды
Жаңалықтар

92 қыз-келіншек желідегі жігітке алданып қалды

Қаңтар 25, 2021
Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті
Жаңалықтар

Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті

Қаңтар 25, 2021
Газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды
Жаңалықтар

Газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

Қаңтар 25, 2021
Қазақстанға өткен тәулікте 215 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді
Жаңалықтар

Дубайдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус табылды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

92 қыз-келіншек желідегі жігітке алданып қалды

Қаңтар 25, 16:58

Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті

Қаңтар 25, 16:33

Газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

Қаңтар 25, 15:56

Дубайдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус табылды

Қаңтар 25, 15:36

Экология вице-министрі қызметінен босатылды

Қаңтар 25, 15:17

Көкшетауда митинг өтті

Қаңтар 25, 13:14

Мәскеуді қорғап қалған Қазақстан халқының алдында басымды иіп, кешірім сұраймын – Федоров

Қаңтар 25, 13:03
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

92 қыз-келіншек желідегі жігітке алданып қалды

92 қыз-келіншек желідегі жігітке алданып қалды

Қаңтар 25, 2021
Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті

Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»