Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Әбіш Кекілбаевты еске алған төраға

«Айқын» ақпарат
Қараша 11, 2019
Саясат
1.6k
қаралым

Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына екі күндік жұмыс сапарымен барып, ісін Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен бастады.

«Әбіш аға өзі еңбекқор еді және өз шығармаларын да еңбек адамына арнап жазатын. Бүгін міне сондай еңбекқор адамдардың арқасында Кекілбаев мүсінге айналып, еңбектің арқасында Әбіш ағаға арналған зәулім мұражай ашылып, зерттеулер жасалып, кітаптар шығарылып, театрда Әбіш жазушының шығармалары сахналанып жатыр. Осының бәрі абыз тұлғаны мәңгілік етуге арналған игілікті істер, адам қолымен, адам ниетімен атқарылып жатқан еңбек»,- деді Ералы Тоғжанов өз сөзінде.

 Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы мұражайды салуға атсалысқан еңбеккерлерге ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

7 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды

«Жасыл ел-Тараз» жұмысшысын көлік басып қалды

Артынан Ералы Тоғжанов  облыс әкімі Серікбай Тұрымовпен кездесіп, жұмысшылардың мүддесі  жайында, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынас сөз болды. 

Әкімнің айтуынша, Маңғыстау облысының көптеген ірі кәсіпорындарында кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Облыста 80 мыңнан аса еңбеккер кәсіподақ мүшелері екен. 

 Сонымен қатар шетелдік компаниялардағы жұмыс берушілер тарапынан орын алған еңбек заңнамаларын бұзу, еңбек даулары мен жанжалдарды болдырмау, қарызды еңбекті пайдалану және жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау жайында сөз қозғалды.

«Кәсіптік одақтар федерациясы Үкімет назарын бірнеше рет шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар республикамызға шетелдік жұмыс күшін енгізу ережелерін үнемі сақтай бермейтіндігіне, қазақстандық жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарамау, ұлттық заңнамаларды әдейі немесе жасырын түрде елемейтіндіктеріне аударды. Мұның бәрі әлеуметтік кикілжіңдердің тууына әкеледі»,- деді Ералы Тоғжанов.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында республикамызда 3 еңбек дауы ресми тіркелген. Қыркүйек-қазан айларында еңбек даулары өрістеп, кәсіпорындарда 17 әлеуметтік- еңбек даулары орын алған.

Соның ішінде салаларға бөліп қарасақ, 11 еңбек даулары мұнайгаз саласына қатысты туындаған. Бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-еңбек дауларының басым бөлігі – 6 оқиға   Маңғыстау облысында тіркелген. Кәсіподақтар төрағасы кәсіпорындардағы ұжымдық шарттармен қамтылудың деңгейі төмен екендігіне басты көңіл аудару қажеттігін және бұл бағытта жұмысты белсенді жүргізуге шақырды. Қазіргі күні Маңғыстау облысындағы жұмыс істейтін 10 200 кәсіпорынның 1 488-де ұжымдық шарт жасалған. Қамтылу 14,6% құрайды. Өндірістік жарақаттанушылықты төмендету жөніндегі шаралар бойынша Ералы Тоғжанов қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құру жұмысын белсенді жүргізу қажеттігін баса айтты.

2019 жылдың 9 айында облыс бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 38 адам зардап шегіп, 2 адам көз жұмған.

Талқылау барысында тараптар әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде бірлесе тиімді әрекеттестік орнату үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында студенттерді уақытша жұмысқа тарту және жастардың еңбек қозғалыстарын дамыту жайлы бірлескен іс-шаралар қабылданады.

 
Тегтер: Әбіш КекілбаевжұмысшыМаңғыстау облысымемарандуммұражайоблыс әкімі
Алдыңғы жаңалық

Абай әлемі – Астана арнасында

Келесі жаңалық

Қай кеніште мұнай көп өндірілді?

Ұқсас жаңалықтар

Алғыс айту күні, Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, Қазақстан халқы
Жаңалықтар

Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн

Наурыз 1, 2021
Асқар Мамин, Алғыс айту күні, мереке
Жаңалықтар

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Қасым-Жомарт Тоқаев, бірлік
Жаңалықтар

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021
Елбасы, Алғыс айту күні, Нұрсұлтан Назарбаев
Жаңалықтар

Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белсенділер партияға мүше болды

Наурыз 1, 11:56

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Наурыз 1, 11:39

Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн

Наурыз 1, 10:39

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 10:17

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 09:58

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

партия, билет, Әбілқайыр Сқақов,

Белсенділер партияға мүше болды

Наурыз 1, 2021
Nur Otan, партия, Нұрсұлтан Назарбаев,

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»