Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Штаб басшылары тағайындалды

«Айқын» ақпарат
Қараша 20, 2020
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
штаб
16
қаралым

Еліміздің барлық 17 өңі­рінде «Nur Otan» пар­тия­сы­ның сайлауалды штабтың бас­шылары анықталды. Бұл туралы партияның бас­па­сөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында өңірлік штабқа партияның облыстық фи­лиалының бірінші орын­ба­сары Ғалым Бекмағамбетов же­текшілік ететін болды. Өткен жыл­ғы Президент, 2016 жылғы Мә­жіліс депутаттары мен мәс­ли­хаттар сайлауында ол облыс­тық штабты басқарған болатын.

Ақтөбе облысында сайлауал­ды штабтың тізгіні партияның об­лыстық филиалы бас­шы­сы­ның орынбасары Ербол Дана­ғұлов­тың қолына тиді. Ал Алма­ты облысында сайлауалды штаб­тың басшылығы облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік Мұқановқа сеніп тапсырылды. Оның сайлау ке­зеңінде алған тәжірибесі бар. 2015 жылы ел Президенті және 2016 жылғы Мәжіліс пен мәс­ли­хат депутаттары сайлауында ол штабты басқарды.

Атырау облысындағы ай­мақ­тық сайлауалды штабының тіз­гіні партияның облыстық фи­лиалы төрағасының орынба­сары Нұрлыбек Ожаевтың қо­лы­на берілді. Өткен жылы Пре­зи­дент сайлауында ол штабты бас­қарған.

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Бектаева Nur Otan-ға келді

Шығыс Қазақстан облы­сын­да партияның облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Олег Чугунков ай­мақтық сайлауалды штабының же­тек­шісі болды. 2019 жылы Пре­зидент сайлауында ол өңір­лік штаб аппаратының басшысы қыз­метін атқарды.

Жамбыл облысында штаб же­текшісі болып облыстық мәс­ли­хат хатшысы Бағлан Қара­шо­ла­қов, ал Батыс Қазақстан об­лы­сында партия филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев тағайындалды.

Қарағанды облысында сай­лауалды штабты партия фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Қадиша Оспанова бас­қара­ды. Оның да 2011, 2015, 2019 жылдардағы Президент, сон­дай-ақ 2012 және 2016 жыл­ғы Мәжіліс депутаттары мен мәс­лихаттар сайлауында облыс­тық штаб басшысының орын­ба­сары болған кезде жинаған тә­жірибесі бар.

Маңғыстау облысының сай­лауалды штабын филиал төраға­сы­­ның бірінші орынбасары Елу­бай Әбілов басқарады. Ол 2019 жылы Президент сай­лауын­да штаб басшысының орын­басары болған.

Қостанай, Қызылорда, Пав­ло­дар, Солтүстік Қазақстан жә­­не Түркістан облыстарында сай­­лауалды штабты партияның об­лыстық филиалдары төра­ға­ларының бірінші орынбасар­лары, атап айтқанда Эльдар Кү­­­­зенбаев, Ләйлә Төрешова, Илья Теренченко, Әсем Рахме­това және Бейсенбай Тәжібаев басқаратын болды.

Бұған дейін Шымкент, Ал­маты және Нұр-Сұлтан қа­ла­ларын­дағы сайлауалды штабтың басшыларын тағайындау туралы жа­рияланғанын айта кеткен жөн.

Шымкентте жетекші пар­тия­ның сайлауалды штабының тіз­гіні қалалық филиал төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Ба­­­хадыр Нарымбетовке берілді. Бұған дейін ол 2019 жылы Пре­зидент сайлауында қалалық штаб­ты басқарған. Ал Алма­ты­дағы сайлауалды штабтың же­тек­шісі болып белгілі қоғам қай­раткері, «Тұран» уни­вер­си­те­тінің ректоры Рахман Ал­ша­нов тағайындалды. Оның да элек­торалды кезеңде жинаған тәжірибесі бар. 2011, 2015, 2019 жыл­дардағы Президент, сондай-ақ 2012 және 2016 жылдардағы Мә­жіліс пен мәслихаттар сай­лауын­да ол өңірлік штабты бас­қарды.

Нұр-Сұлтан қаласында пар­тияның сайлауалды штабын «Nur Otan» партиясы қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Ерлан Қаналимов басқарады. 2019 жылы ел Пре­зидентінің сайлауында ол елор­да­лық штабқа жетекшілік етті.

Ә білмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: Nur Otanбасшыпартияштаб
Алдыңғы жаңалық

Қордайдағы төбелес: жаңа үкім

Келесі жаңалық

Тағы да Ұлттық қорды «кеміреміз»

Ұқсас жаңалықтар

Барыс
Жаңалықтар

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
облыс
Қазақстан

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 2021
зейнеткер
Жаңалықтар

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 01:08

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 00:21

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 23:47

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 23:10

«Ордабасы» клубына жаңа бапкер келді

Қаңтар 21, 22:44

Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

Қаңтар 21, 22:18

Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды

Қаңтар 21, 21:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Барыс

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»