Ауыл шаруашылығы мамандығын бітіргендер ауылға баруға міндеттеле ме?

Ауыл шаруашылығы мамандығын бітіргендер ауылға баруға міндеттеле ме?

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аграрлық саланың өзекті мәселелері туралы айтты.

– «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында ауыл шаруашылығы маман-түлектерінің тізімін кеңейту бөлігінде «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Олар меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс және жұмыс істеу өңірін анықтау бойынша шектеулерді жою қарастырылған. Аталған өзгерістер ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуды тәмәмдаған ауыл тұрғындары қатарындағы азаматтарға квотамен жұмысқа орналасуға және өңірлерді АӨК кәсіби кадрларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді,– дейді Т.Рахымбеков. Сондай-ақ, басқарма төрағасы ауыл шарашылығы мамандығында оқитын жастардың оқулығы 70-80% мемлекеттік тілде дайындалатынын айтты.

«Мен 1986 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірдім. Ол кезде бір топта 25 студент болса, жартысы ағылшын тілінде, жартысы қазақ тілінде оқитын, ал жалпы лекциялар орыс тілінде өтетін. Қазіргі уақытта дәрістер 70-80% ана тілімізде өтеді»,– деді ол.