Air Astana жаңа премиум эконом-класты ұсынды
Air Astana жаңа премиум эконом-класты ұсынды
5,104
оқылды

Air Astana әуекомпаниясы Embraer 190-E2 ұшақтарымен орындалатын барлық рейстерге жаңа премиум эконом-класты енгізді. Премиум эконом-класс бірінші 3 қатарды 1-ден 12-орынға дейін алады.

Бизнес-класты алмастырған премиум эконом-класс жолаушыларға бизнес-кластағыдай жоғары деңгейдегі жайлылық пен сервисті ұсынады. Сонымен қатар, тарифтер бизнес-класс бағаларына қарағанда 35%-ға дейін төмен болады. Жаңа өнім әзірше Нұр-Сұлтаннан Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Өскемен қалаларына және Алматыдан Қызылордаға орын­далатын рейстерде енгізіледі. Премиум эконом-класқа билеттер 23 қарашада басталатын рейс­терге 16 қарашадан бері сатылып жатыр. Air Astana-ның сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков: «Біз әрдайым жолаушылар пікіріне назар аударамыз, өйткені олар біздің қызметімізді жақсартады. Көптеген өтініштерге байланысты бізде жайлылық пен уақыт үнемдеуді бағалайтын адамдарға арналған жаңа өнім пайда болды. Премиум эконом-класс жолаушылары бизнес-класс қызметі мен артық­шылықтарын қолжетімді тарифтер бойынша пайдалана алады», – дейді. Ал жаңа кластың артықшылықтарына келсек, онда рейске басымдықпен тіркелу, отырғызу және түсіру, жолжүктің ұлғайтылған мөлшері 2 орынға 32 келіден,  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы «Шаңырақ» бизнес-лаунжына кіру, бизнес-кластың күту залына кіру, пре­миум-класс тамағы және сусындардың кең таңдауы, әр рейсте бонустық ұпайлардың еселенуі, бизнес-кластың жол жиынтығы қарастырылған.