КамАЗ-бен қашқанмен, құтылмады
КамАЗ-бен  қашқанмен, құтылмады
128
оқылды

Кеше  Instagram-да «КамАЗ»  көлігін қуалап жүрген полиция қызметкерлерінің видеосы жарияланды. Сөйтсек, оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болыпты.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауына қарағанда,  оқиға  кеше, 19 қарашада болған.  Елорда  тұрғыны  полицияның заңды талабына бағынбай қашып кетпек болыпты. Алайда қала  шетіне жеткенде «қашқын» ұсталды. «Сағат 14.20-да Айнакөл көшесінде полиция қызметкерлері қозғалыс барысындағы «КамАЗ» жүргізушісінің телефонмен сөйлесіп бара жатқанын байқап қалған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатып алып, жүргізуші куәлігін талап еткен. Алайда жүргізуші талапты елемей, көлігін жүргізіп кете берген»  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары көлікпен «КамАЗ» жүргізушісін қаладан шыққанша қуалаған. Ақыры жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Жүргізуші елорданың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

А.СҰЛТАН