Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
100
оқылды
Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.  Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы әлі де антициклонмен анықталады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.