Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
5,137
оқылды

«Қазгидромет» РМК 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған циклонның қозғалуына байланысты елімізде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Синоптиктердің болжауынша, 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болып, тұман түседі. Соққан желдің жылдамдығы 15-20м/с жетеді. Сондай-ақ, сейсенбі күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.