Баласын шетелге жіберетін ата-аналарға ескерту жасалды
Баласын шетелге жіберетін ата-аналарға ескерту жасалды
107
оқылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте баласын шетелге оқуға жіберетін ата-аналар бұдан былай нені ескеру қажет екенін айтты.

– Балаларын шетелдің жоғары оқу орындарына немесе қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберетін ата-аналарға компаниялар ұсынатын келісімшарттарды тыңғылықты тексеріп, мұқият оқу қажеттігін ескертеміз. Кейбір компаниялар өздерінің шарттарын орындамай жатады. Не болмаса бала шетелге келгеннен кейін олар сол шарттарды өзгертіп жібереді. Балаларыңызды жіберіп жатқаннан кейін барынша мұқият болыңыздар, – деді Айбек Смадияров.