Екінші дүниежүзілік соғыста сыр шерткен көрме

Екінші дүниежүзілік соғыста сыр шерткен көрме

19 қараша күні Ұлттық музейде «Нюрнберг сабақ­тары: ұмытылмас үшін» көр­месінің ашылу салтанаты өтті.

Келушілер Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Ресей тарих қоғамы, Ұлы Отан соғысының  орталық му­зейі (Мәскеу),  Қазақстан Рес­публикасындағы Ресей Фе­дерациясы елшілігі Нюрнберг процесінің басталуының 75 жылдығына арнайы дайындаған экспозицияда ресейлік жетекші архивтерден, Ресейдің қазіргі заман тарихы музейінен (Мәскеу қ.) алынған сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттерді та­машалады. Көрме гитлерлік фашизмнің қылмысын айыптаған және адам­зат тарихында ең көп қан тө­гілген Екінші дүниежүзілік со­ғыстың нүктесін қойған әлемдік тарихтағы алғашқы Халықаралық әскери трибунал туралы сыр шер­теді. Көрмеде Нюрнберг про­цесін тікелей сот залынан ба­қы­лаған, әлемге танымал су­рет­ші Борис Ефимовтың сая­си карикатуралары да бар. Оның суреттерінен гитлерлік фашизмнің басынан аяғына дейінгі барлық тарихын  білесіз. Сонымен қатар экспозицияның бір бөлігі ретінде Нюрнберг процесінің қатысушысы, Киев­тік Арсений Кудрявцевтің жеке архивінен алынған ерекше фото­суреттері мен құжаттары көр­се­тілген. «Нюрнберг сабақтары: ұмы­тылмас үшін» көрмесі – Же­ңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасының ма­ңызды құрамдас бөлігі. Ол Ресей Федерациясының «Ұлы Отан соғысы: ХХІ ғасырдағы көз­­қарас» атты ауқымды жобасын қо­рытындылайды.

Айбике ЖАНАСЫЛ