«Аль-Айн» футбол клубы Исламханмен келісімшартын бұзды
«Аль-Айн» футбол клубы Исламханмен келісімшартын бұзды
«Аль-Айн» футбол клубы допинг дауына байланысты Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды. Азия Чемпиондар лигасы аясында 18 қыркүйекте өткен "Аль-Садд" - "Аль-Айн" матчынан кейін Исламханның допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен болатын. Осыдан кейін футболшы алдағы ойындардан шеттетілді. Бұған дейін Исламхан ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожинмен телефон арқылы сөйлесіп, клуб дәрігерінің барлық нұсқауын орындағанын және анализ тапсыруға дайын екенін айтқан деп жазады Vesti.kz. Бауыржан Исламхан қаңтардан бастап  "Аль-Айн" үшін ойнады. Ол БАӘ чемпионатында ойнайтын алғашқы қазақстандық спортшы болатын. Осы жазда ол клубпен келісімшартын 2023 жылға дейін созған еді.