Елбасы бастамаларын насихаттайтын фестиваль басталды
Елбасы бастамаларын насихаттайтын фестиваль басталды
343
оқылды

Елімізде тұңғыш рет қолға алынған онлайн форматтағы фестиваль Мәңгілік елдің астанасы, Ұлы Даланың алтын қақпасы – елордаға арналып отыр.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өнері мен мәдениеті күндері үлгісіндегі  телевизиялық форматта ұйымдастырылған бұл фестиваль өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттайды. Сондай-ақ бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген ұлттық құндылықтарды ұлықтайды.    width=

Қазақстандықтарды рухани қолдау, отандық өнерпаздарды ортақ іске жұмылдырып, ел еңсесін көтеруге ықпал етуге бағытталған бұл өнер мерекесі Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150, Алтын орданың 750, Ұлы Абайдың 175, Шәмші Қалдаяқовтың 90, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойларының мәртебелерін асқақтатып, Қазақстан халқы ассамблеясының ширек ғасырлық мерекесіне арналады.

Жобаны Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» қолға алып отыр. Фестивальге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпараттық қолдау көрсетіп, Qazaqstan ұлттық арнасының өңірлік филиалдары концерттердің түсірілімдерін ұйымдастырды. Барлық концерттік бағдарламалар алдымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасынан көрсетіледі.

Дәстүрлі жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.