Сиыр етінен коронавирус анықталды
Сиыр етінен коронавирус анықталды
166
оқылды
Қытайдың Ухань қаласында мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды.  Синхуа ақпарат агенттінің жазуынша, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелінген. Салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1 313 блогынан коронавирус табылды. Қазір жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр. Осыған  дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған.