Қытайдың Ухань қаласында мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Синхуа ақпарат агенттінің жазуынша, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелінген. Салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1 313 блогынан коронавирус табылды. Қазір жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр. Осыған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған.