«Арандатушыларға жол бергізбейміз» – шошқа дауына қатысты облыс әкімі пікір білдірді
«Арандатушыларға жол бергізбейміз» – шошқа дауына қатысты облыс әкімі пікір білдірді

Облыс әкімі бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Бестамақта болған жағдайға байланысты барлық құзырлы мекемелерге тиісті тапсырма бердім. Қазыр осыған байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар жағдайды жіті тексеретін болады. Сондай ақ, осы салаға жауапты орынбасарым мен эколог мамандар брифинг берді. Комиссия тексерісті аяқтаған соң барлық жағдайды ашық баяндайтын болады. Арандатушыларға жол бергізбейміз. Біздің басты жетістігіміз береке мен бірлік, тыныштық. Ауызбіршілік танытайық, әбден істің байыбына барып сабыр сақтап, құзырлы органдардың тексеру нәтижесін күтейік», – деді облыс басшысы.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ақтөбедегі шошқа дауына қатысты жергілікті ауыл тұрғындарының наразылығы туралы жазған болатынбыз.