Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайратпен» қоштасты
Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайратпен» қоштасты

Ойыншы «Қайрат» намысын 3 жыл қорғады

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов Алматылық «Қайрат» клубы сапынан кететінін мәлімдеді. 

Ойыншы «Қайрат» намысын 3 жыл қорғады. Биыл ол чемпионатта жеті, ал Еуропа лигасында төрт матчқа қатысты. 

«Құрметті «Қайрат» футбол клубының жанкүйерлері! 

Команда сапынан кететін кез келді. Бұл клубтың намысын қорғау мен үшін үлкен абырой болды. «Қайраттың» жетістігі үшін мен алаңда барымды салдым. Әрине, үнемі жоғары деңгейден көріну мүмкін болмаған шығар. Бірақ ең бастысы – мен жан-тәніммен беріліп ойнады. Жанкүйерлер, клуб басшылығы, бапкерлік штаб артқан сенімді ақтауға талпындым. 

«Қайрат» менің жүрегімде мәңгі қалады. Қандай жағдай болмасын осы клуб үшін жанкүйерлік етіп, жетістіктеріне қуанатын боламын» деп жазды ол.

45454.jpg
Футболшы қазіргі таңда отандық клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Қорғаушыға «Астана» да қызығушылық танытқан. Елордалық клуб та ол бұрын да ойнаған еді. Ұлттық құрама қатарында ол 15 кездесуге қатысты.