Ақордадағы жылы жүздесу
Ақордадағы жылы жүздесу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нидерланд Ко­рольдігінің елшісі Андрей Кар­с­тенс, Мажарстан елші­сі Ан­тал Хейзер, Грекия Рес­пуб­ли­касының ел­шісі Адам Геор­гиос Адамидис, Египет Араб республикасының Манал Ехия Әл Шин­науи, Қатар мемлекетінің ел­шісі Абдулазиз бен Сұлтан Джа­сем Маджид Әл-Румейхи сенім гра­моталарын тапсырды. Бұл ту­ралы Ақорданың баспасөз қыз­ме­ті хабарлады.

Мемлекет басшысы елшілерді Қа­­зақстандағы дипломатиялық қыз­мет­терінің ресми түрде бас­талуымен құт­тықтап, игі миссияларына табыс тіледі.

Салтанатты шара барысында Пре­зидент ше­тел­дік дипломаттармен ша­ғын сұхбат құрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидер­лан­д елшісіне атал­ған мемлекет Қа­зақстанның Еуропадағы не­гізгі се­ріктестерінің бірі екенін айтты.

– Біздің еліміздің «Шелл» және тағы да басқа ірі мұнай компанияларымен қа­рым-қатынасы өте жақсы. Мұндай ынтымақтастық алдағы уа­қыт­та да жал­ғаса береді деп ойлаймын. Біз Ни­дер­ландтың Қазақстанмен тығыз ықпалдастық орнатуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіздің инвестициялық әлеуеті орасан зор, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антал Хей­зермен кез­десу барысында Қазақ­стан­ның Мажарстанды Ор­талық Еу­­­ропадағы және Еуропалық Одақ ая­­сындағы негізгі әрі маңызды серіктесі ре­тінде қарастыратынын атап өтті. Пре­зидент Мажарстан Үкіметінің Б­у­дапештте Түркі кеңесінің офисін ашу жөніндегі шешімін құптап, оған тари­хи әділеттіліктің орнауы деп баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам Геор­гиос Ада­ми­диспен әңгімелесу кезінде Қа­зақстанның Гре­киямен арадағы ынт­ымақтастықты дамытуға зор мән бе­ретінін айтты.

– Біз Грекиямен осыған дейін қа­лып­тасқан ын­тымақтастықты одан ары өркендетуге зор қызы­ғушы­лық та­нытамыз. Сіз елші ретінде екі ел ара­сындағы байланысты ары қарай дамытуға елеулі үлес қосасыз деп ойлаймын, – деді Президент.

Египет дипломатиялық мис­сия­сы­ның жетек­шісін қабылдау сәтінде Мем­лекет басшысы Пре­зидент Аб­дель Фаттах ас-Сисидің 2016 жылғы Қа­зақстанға жасаған сапары табысты болғанын атап өтіп, оған ізгі тілегін жол­дады.

Мемлекет басшысы Қатар елші­сі­не 2019 жылдың маусым айында Ду­шанбеде өткен Азия­дағы өзара ық­палдастық және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес саммиті аясында Әмір Тамим бен Хамад Әл-Танимен та­бысты кез­десу өткізгенін айт­­ты. Сондай-ақ атал­ған елмен ынты­мақ­тас­тық­тың ны­ғая беретініне сенім біл­дірді.

– Біз Qatar Airways компа­ния­­­сы­ның Нұр-Сұл­тан мен Доха ара­сын­да әуе қатынастарын іске қосу жө­ніндегі шешімін құптаймыз. Мем­лекет бас­шысы ретінде өзім жә­не Қазақстан Үкіметі Ка­тармен бай­ла­ныс­ты нығайту үшін барлық қажетті ша­­раларды қабылдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Astana Club ха­лықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қа­ла­сына келген Словенияның бұрынғы президенті Данило Тюркпен кездесу өткізді.

Тараптар БҰҰ-ның даму жағ­дайын талқылап, ха­лықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жө­­­нін­де пікір алмасты. Барлық са­лада,  атап айтқанда, эконо­ми­калық бағыттағы көпжақ­ты ын­ты­мақ­тастықты нығайту қажеттігі сөз бол­ды.

Словениялық саясаткер 2020 жыл­дың мау­сым айында Нұр-Сұлтан қа­ласында өтетін Дү­­ниежүзілік сау­да ұйымының Министрлер кон­­фе­рен­циясы табысты болатынына сенім біл­діріп, Қазақстанның көпжақты бай­ланыстарда, оның ішінде сауда және бейбітшілік пен қауіп­­­­сіздік-ті қам­тамасыз ету мәселелерінде белсенді рөл атқаратынын жоғары бағалады.