Аталған өңірлерде карантин ұзартылды.
«Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», – делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.Қаулы бойынша, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады. Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді. Шымкентте карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.