«Тамақтан уланбаған»

«Тамақтан уланбаған»

Шымкент қаласын­да­ғы Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жуырда қай­тыс болған 2 бүл­дір­шін­ге қатысты осындай тұжы­рым жасады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Шымкент қала­сында төтенше оқиға орын алып, бір отбасы түгелге жуық уланып қалған болатын. Салдарынан отбасындағы кіш­кентай 4 жасар және 10 айлық сәби жарық дү­ние­мен хош айтысқан-ды. Алайда бұл оқиғаның газ­дан не болмаса дүкеннен са­тып алынып жартылай дайын тұшпарадан болғанын ешкім де нақ басып айта алмай отырған еді. Бұл туралы газеттің өткен нө­мі­рінде «Салғырттық пен салақтық: екі сәбидің өліміне кім кінәлі?» деген тақырыпта мақала жазғанбыз. Онда мә­селенің мән-жайын айта келіп, бала өлімінің себебі анық­талмай отырғанын жет­кіздік. Төтенше жағдайлар департаменті улануды газдан емес десе, ал санитарлық-эпи­­демиялық орталық ма­ман­дары тамақтан болу қаупі бар деп саралау жұ­мыста­рына кірісіп кеткен бола­тын.

Шымкент қалалық та­уар­­­лар мен көрсетілетін қыз­­мет­тердің сапасы мен қауіп­сіз­дігін бақылау депар­та­мен­ті­нің мамандары тұш­­­парадан болуы мүмкін деген сөзді жоққа шығарды. Департаменттің баспасөз қыз­­метінің мәлімдеуінше, 3 ба­ғытта жұмыс істеген ма­ман­дар жан-жақты зерделеу жұ­мыс­тарын жүргізген. Оның біріншісі, «тағамнан уланды ма?» деген сұрақ бойын­ша оқиға орнынан та­мақ қал­дықтары мен сүр­тін­ділер және дүкеннен тұш­­пара сынамасы алынып зерт­телген. Зертханалық тек­серу нәтижесінде, астан улану­ға әкелетін себеп табыл­маған.

Ал екінші бағыт бойынша токсикологиялық улану бар-жоғын анықтау мақсатында аталған пәтердің жабық бөл­ме ауасынан ауыр металл мен сынаптарға зерттеуге сы­на­малар алынған. Алайда зерттеу нәтижесі бойынша улануға алып келетін заттар анықталмапты.

Үшіншісі, медициналық қызметтің сапасы. Бұл ту­ралы қорытынды мәлімет медициналық қызмет сапа­сын тексеру жұмыстары аяқ­талғаннан кейін белгілі болмақ.

Айта кетейік, пәтерде отбасынан бөлек туыс әп­кесі де тұрады. Оның ден­сау­лығына байланысты шағым болмаған.

Иә, сонымен жау тұш­парадан келмепті. Ток­си­ко­логиялық улану да анық­талмаған. Ендігі қорытынды ақ халаттылардың қызмет сапасына тіреліп тұр. Алайда медицина қызметкерлерінің қолына түскенге дейінгі қауіп­­сіздік шараларына жауап­тылардан қайран бол­ма­йын деп тұр. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шықпай, еш нәрсе айта ал­маймыз деп отыр. Дегенмен оқиға орын алған үйде орта­лықтандырылған газ жүйесі болмағандықтан, бұл от­ба­сы тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданады екен. Сонымен қатар жатақхана үлгісіндегі үйде тұратын от­ба­сы газ баллон тұрған бөл­меде ұйықтайтын болған. Демек, токсикологиялық улану болуы да мүмкін. От­ба­­сын­дағы ең жас нәрес­те­лер қайтыс болды. Олар­дың ағзасы әлі жетіліп үлгер­меген­діктен, улы заттарды тез қа­был­дайтынын да ес­кер­ген жөн. Ал ақ халаттылар­дың Гиппократ антына адал болғанын немесе ама­натты аттап кеткенін қорытын­ды­дан білеміз.

 

Назгүл НАЗАРБЕК, 
Шымкент қаласы