Қапшағайдағы казинолар жабылатын болды
Қапшағайдағы казинолар жабылатын болды
137
оқылды

Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыда өңірде карантин шектеулерін ұзарту мәселсі қарастырылған. Сонымен қатар жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, сондай-ақ ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді. Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты сағат 23.00-ге дейін ұзарады.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да сағат таңғы 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды.

Демалыс күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ, жаңа қаулыдағы талап бойынша бассейн, сауна, SPA орталықтары сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Қаулы 22 қарашада сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енеді.