Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыда өңірде карантин шектеулерін ұзарту мәселсі қарастырылған. Сонымен қатар жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, сондай-ақ ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді. Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты сағат 23.00-ге дейін ұзарады.Демалыс күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ, жаңа қаулыдағы талап бойынша бассейн, сауна, SPA орталықтары сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Қаулы 22 қарашада сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енеді.Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да сағат таңғы 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды.