Нұр-Сұлтанда вагон өртенді
Нұр-Сұлтанда вагон өртенді
144
оқылды

«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, өрт 18 қарашадан 19 қарашаға қараған түні болған.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлауынша, 19 қарашада таңғы сағат 03:11 кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы, 9/8 мекенжайында орналасқан пойыз жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 15 өрт сөндіруші, 3 техника оқиға орнына жедел жеткен. № 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен. Өрт таңғы сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттен зардап шеккендер жоқ.      width= Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр.