Ғалымдар қартаймаудың амалын тапты
Ғалымдар қартаймаудың амалын тапты
138
оқылды

Ғалымдардың зерттеу нәтижесін Aging ғылыми журналында жариялады.

Адамның жасы ұлғайған сайын ауруы көбейіп теломерлер қысқарады. Генетика саласындағы көптеген зерттеуші теломерлердің өсуін қалпына келтіру және қартайған жасушаларды жою жолдарын іздеп жатыр.

Тель-Авив университетінің ғалымдары мұндай нәтижеге гипербариялық оксигенация немесе жоғары қысым жағдайында оттегі терапиясын қолдану арқылы қолжеткізе алды. Олар егде жастағы адамдар гипербариялық барокамерасында таза оттегін алған кезде теломердің ұзындығы 20% өсетінін анықтады.

Зерттеуге 64 жастан асқан 35 адам қатысты. Олардың әрқайсысы үш ай бойы аптасына бес күн 90 минут гипербариялық барокамераға орналастырылды. Сол жерде таза оттегімен тыныс алды. Нәтижесінде, қазір зерттеуге қатысқандардың теломерлері 25 жыл бұрын болған ұзындыққа жетті. Сонымен қатар бұл терапия ағзадағы қартайған жасушалар санын 37%-ке азайтқан.